Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Отбасындағы берекені сақтап қалудың ең тиімді әрі ең қарапайым амалы

Отбасындағы берекені сақтап қалудың ең тиімді әрі ең қарапайым амалы

АҚШ-тың Джорджии университетінің ғалымдары жарына алғыс айтып отыру - отбасылық қатынасты реттеудің ең тиімді амалы екендігін айтты. Олар 468 некедегі адамның қатысуымен өткен зерттеуден кейін осындай тұжырым жасаған.

Олар зерттеуге қатысушылар жайлы толық дерек жинаған. Олардың қаржылық жағдайын, отбасындағы қарым-қатынасының ерекшеліктерін, қаншалықты жиі бір-біріне алғыс айтатындығын түбегейлі зерттеген.
«Біз жарының өзін бағалайтынын, қымбат жан тұтанын сезінген адам отбасында берекені сақтауға қатты тырысатынын байқадық. Тіпті жанұя қиын кезеңді бастан кешіріп жатса да, өз зайыбына деген ризашылық сезімі оларды бұл тығырықтан оңай алып шығады», - дейді зерттеушілердің бірі Тэд Футрис.
Ғалымдар қарапайым «рахмет» сөзін жиі айту негативті сезімдерді жоюға себеп болатынын айтады. Олар сондай-ақ берік некені әлсіз некеден ажыратып тұратын нәрсе - ерлі-зайыптылардың күнделікті бір-бірімен қатынасында көрініс табатын құрмет сезімі екенін мәлімдеді, деп жазады Дни.Ру.

06 қазан 2019 ж. 313 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области