Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 8 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар

8 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар


Македония Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1991)
Македония - Балқан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Сербиямен, шығысында Болгариямен, оңтүстігінде Грекиямен, батысында Албаниямен шектеседі. Астанасы - Скопье қаласы. Мемлекеттік тілі - македон тілі. Ақша бірлігі - македон динары.

Иранда балалар күні
Жыл сайын Иран үкіметі өскелең ұрпақтың ел болашағының дамуы жолында маңыздылығына мән беру мақсатында балалар мерекесін ұйымдастырады.

1860 жылы Верный қаласында Көк базар ауданындағы тар бөлмеде орналасқан алғашқы пошта бөлімшесі ашылды. Бүгінде Алматы поштампы - «Қазпошта» АҚ-ның ең ірі және алдыңғы қатарлы филиалдарының бірі.

1996 жылы «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ құрылды.

1996 жылы Қызылорда арнайы экономикалық аймағы құрылды.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Қазақстан Республикасы президентінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысы қабылданды.

2010 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Мұнай айналымы және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

2015 жылы Тараз қаласында «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументінің ашылу салтанаты өтті. Мүсіндік композицияға ақ мәрмәрдан жасалған 27 метрлік стела және Керей мен Жәнібек хандардың 5 метрлік мүсіндері кіреді.
08 қазан 2019 ж. 523 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области