Қызылорда облысында алдағы күндері күн жылы болады
Kyzylorda-news.kz. Күздің екінші айының басында елдің басым бөлігінде жылы ауа райы сақталады, деп хабарлады Қазгидромет.
8 қазан күні астанада жауын-шашынсыз. Түнде - 6-8 градус, күндіз 21-23 градус жылы болады. Алматыда желдің екпіні – 0-5 м/с. Түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы. Шымкентте жауын-шашынсыз. Желдің екпіні – 5-10 м/с. Түнде 10-12 градус, күндіз 25-27 градус жылы.
Сәрсенбі күні астанада түнде 7-9 градус, ал күндіз 22-24 градус нөлден жоғары. Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде 11-13 , күндіз плюс 19-21. Шымкентте де күн жылы болады. Түнде 10-12 градус болса, күндіз 26-28 градус жылы.
10 қазан күні елордада жаңбыр жауады. Түнде 7-9 градус, күндіз– 19-21 градус жылы болады. Алматыда көшпелі бұлт болады. Түнде және таңертең жаңбыр жауады. Тұман болады. Түнде 8-10 градус, күндіз 21-23 градус жылы. Шымкентте желдің екпіні – 5-10 м/с. Түнде 11-13, күндіз 27-28 градус жылы.
Бұған дейін синоптиктер қазан айына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын. Оған сәйкес, күздің екінші айында ауа райы құбылмалы болады: жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпінді жел болжануда.
Қазгидрометтің ақпаратынша, қазан айында орташа температура Қазақстанның басым аумағында норма шамасында, ал Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Қызылорда облысының батысында нормадан 1°С жоғары болады.
Жауын-шашын мөлшері еліміздің көптеген бөлігінде – норма шамасында және нормадан көп, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ, Қостанай мен Қарағанды облыстарының кей жерлерінде нормадан төмен болады деп болжанып отыр.