Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық ұстаздар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды

Қызылордалық ұстаздар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Қ. Ысқақов 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай тіл жанашырлары мен бірқатар ұстаздарға ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Алғыс хаттарын табыстады.
Биыл «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына 30 жыл толып отыр.
Облыс әкімі Мемлекет басшысының алғыс хатымен марапатталып отырған барша тіл жанашырларын, ұстаздарды құттықтап жылы лебізін жеткізді.
– Ежелден Алаштың анасы атанған біздің өңірде тілге деген оң қөзқарас, шынайы сүйіспеншілік қалыптасқан. Бұл бағыттағы жасалып жатқан жұмыстарда өңіріміздегі тіл жанашырларының алар орны ерекше,- деді аймақ басшысы.
«Тіл туралы» Заңның қабылданғанына 30 жыл толуына орай мемлекеттік тілдің мерейін өсіріп, қолдану аясын кеңейтуге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жеңіс Сәдуақасұлы, «Тіл мерейі» газетінің редакторы, республикалық «Айқын» және «Қазақстан дәуірі» газеттерінің меншікті тілшісі Миуа Байназарова, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының бөлім басшысы Әсел Бақытова, № 2 «Мұрагер» мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлбану Тебегенова, Жалағаш аудандық жастар ресурстар орталығының бөлім басшысы, «Таза тіл» еріктілер тобының белсенді мүшесі Нарбота Сералы мен аудан мен қала мектептерінің бірқатар ұстаздары да марапатталды.
09 қазан 2019 ж. 430 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области