Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта өздеріне тиесілі тегін дәрі-дәрмекті ала алмаған 32 науқастың құқығы қорғалды

Жалағашта өздеріне тиесілі тегін дәрі-дәрмекті ала алмаған 32 науқастың құқығы қорғалды

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданы прокуратурасымен 30-дан астам науқастың тегін дәрі-дәрмекпен қамтылмағаны анықталды, деп хабарлады Жалағаш ауданынының прокуратурасы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабының 2-тармағына сәйкес, республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.
Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық ауруханасының мәліметіне сәйкес, аудан аумағындағы 21 учаскелік аймақ бойынша есепке алынған 16 059 науқас тіркелген.
Алайда, талдау барысында аурухананың тізімдерінде бір тұлға бірнеше учаскелік аймақтарда қайталануына байланысты барлығы 8495 науқас іріктелді.
"Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету" ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес, 8 495 науқастың 3 230-на (38,0%) емдеуші дәрігермен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар алуға тегін рецептілер жазылған. Соған қарамастан емдеуші дәрігерлермен дәрілік зат алуға рецептілер жазылған 32 науқасқа тиісті дәрілері мүлдем берілмеген. Мысалы, науқас Б-ға "Артериялық гипертензия" нозологиясы бойынша дәрі-дәрмектерді алуға 4 тегін рецепт жазылғанымен, ол бұндай дәрілік заттарды мүлдем алмаған", - делінген таратылған ақпаратта.
Аудандық аурухананың бұл әрекетіне аудан прокуратурасының ұсынуы негізінде заң бұзушылыққа жол берген қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 32 науқас дәрілік заттармен толық қамтылып, заңмен қаралған құқықтары қорғалды.
10 қазан 2019 ж. 289 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области