Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облыстық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы тағайындалды

Қызылорда облыстық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы тағайындалды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Сүлейменов Ерқасым Жайбергенұлы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Е.Сүлейменов 1963 жылы туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Қазақстандық экономика және құқық институтын бітірген.
Еңбек жолын «Қызылордаремводстрой» трестінің жұмысшысы ретінде бастаған.Әр жылдары Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде жауапты басшылық қызметтер атқарған.
2017 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде бөлім басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.
14 қазан 2019 ж. 725 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области