Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда ең көп сатылған жаңа көлік брендтері анықталды

Қазақстанда ең көп сатылған жаңа көлік брендтері анықталды

Kyzylorda-news.kz. Биылғы 9 айда ресми дилерлер 50 мыңға тарта автокөлік сатты, деп хабарлайды «ҚазАвтоӨнеркәсіп».
«Қаңтар-қыркүйек аралығында ресми дилерлер 49 243 көлікті сатты, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 18,3 пайызға жоғары. Есепті кезеңде қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 451,2 млрд теңге жұмсап, 2018 жылғы деңгейден 27,1 пайызға артық болды», - делінген таратылған мәліметте.
Көлік сатып алушы 27 795 адам (56,5 пайызы) отандық зауыттардың өніміне өз таңдауын жасаған. Сонымен қатар, 9 айда сатылған 21 448 автомобиль импортқа тиесілі болып отыр.
Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары брендтердің арасында Lada көш бастап тұр. Республика аумағында ресейлік марканың 11 092 көлігі өткізілген. Ал сатылған Toyota модельдерінің саны 10 524-ті құрады. Үшінші орынға саудаланған 10 008 көлігімен Hyundai шығып отыр. Сондай-ақ бұл бестікке KIA (2 358 автокөлік) және Renault (1 821) брендтері енді.
17 қазан 2019 ж. 319 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области