Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 19 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Таңертеңмен жұмыс барысында бір немесе бірнеше әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңыз өзгереді. Бұл өзгерістердің шиеленісуіне жол бермегеніңіз жөн.
Торпақ
Жаныңызға жайлылық сыйламайтын жұмысты кейінге ысырып қойыңыз. Естіген ақпаратыңызды нақтылап алғаныңыз жөн.
Егіздер
Айналаңызда орын алып жатқан мәселелерге бас қатырасыз. Адамдардың құқықтары мен міндеттері, еңбек құқығын қорғау туралы мәселелер сіздің жаныңызға батады.
Шаян
Жұмысыңыз да, жеке өмірде де барлығы бірқалыпты. Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсарады. Жоспарланған шаруаларды атқаруға мүмкіндігіңіз артады.
Арыстан
Қосымша табыс тауып, материалдық жағдайыңызды жақсартасыз. Маңызды шаруаларға білек сыбана кірісіңіз. Тез шешім қабылдауға тырысыңыз.
Бикеш
Өз ісіңізге мығымсыз. Егер басыңыз бос болса, бүгін екінші жартыңызды жолықтырасыз. Ал отбасылы болсаңыз бүгін өмірлік серігіңіз таңқалдыратын болады.
Таразы
Тәуекелшілсіз. Соның арқасында еңбегіңіз елеусіз қалмайды. Басшылық сыйақы тағайындайтын болады. Кәсіби біліктілігіңізді арттыратын боласыз.
Сарышаян
Демалыс күні болса да, уақытыңыз тығыз, жұмысбасты боласыз. Бұл жақындарыңызға, отбасыңызға мүлде ұнамайды.
Мерген
Сәттілік серігіңізге айналғалы тұр. Сондықтан тез шешім қабылдағаныңыз жөн. Нағыз бақытты күндерге қарай жақындап келесіз.
Тауешкі
Бүгін ерекше күшке ие боласыз. Өз-өзіңізге деген сенімділігіңіз де тым жоғары. Бұл армандарға жетуге, сондай-ақ жоспарлардың бірқалыпта орындалуына көмектеседі.
Суқұйғыш
Жақын арада ешкімнен көмек сұрамаңыз және ешкімнен қолдау күтпеңіз. Себебі кез келген тапсырманы өзіңіз орындауға мүмкіндігіңіз бар.
Балықтар
Табандылық таныта біліңіз. Есіңізде болсын, бүгін тек өзіңіз сенетін адамдарға ғана сенім артыңыз. Әйтпесе, әлдекімдер алдап кетуі мүмкін.