Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 20 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Жұлдыздар сүйіктіңізге көп кінә артпауға, оған реніш білдірмеуге кеңес береді. Керісінше, қарым-қатынасты жақсартуға тырысыңыз.
Торпақ
Бұрын орын алған мәселелерге жаңаша көзқарас білдіресіз. Сонымен қатар тапсырмаларды орындауға сәтті күн.
Егіздер
Күн демалыс, сондықтан ештеңеге араласпай, демалғаныңыз жөн. Барлық шаруа өз ретімен жасалады. Еш алаңдамаңыз.
Шаян
Күніңіз керемет өтеді. Отбасыңызбен бірге демалысқа шығып, таза ауада серуендейсіз. Балалармен қызықты күн өтепек.
Арыстан
Күніңізді үй шаруасына арнайсыз. Көптен жасалуы тиіс істерді атқарып, көңіліңіз де жайланады. Кешке қонаққа баруыңыз мүмкін.
Бикеш
Жаңа жұмысқа шақырту аласыз. Соған дайындықты бастап, аздап қобалжуыңыз да мүмкін. Бірақ еш саспаңыз. Тек өз-өзіңізге сенімді болыңыз.
Таразы
Қуанышты сезімде боласыз. Ішкі түйсік алдамайды. Барлық шаруа өз ойлағаныңыздай жүзеге асып, мақсатыңызға жетесіз.
Сарышаян
Күнделікті күйбең тірлік шаршатып жібереді. Сондықтан өзіңізге демалыс жариялаңыз. Күн ұзаққа үй шаруасына араласпай, демалыңыз.
Мерген
Бүгін біраз еңбек етсеңіз, қалтаңыз қалыңдағалы тұр. Табандылық танытсаңыз, табысты боласыз. Кешке сізді тосынсый күтіп тұр.
Тауешкі
Ақшаны босқа шашпаңыз. Үнемдеуді үйреніңіз. Ал егер қомақты дүние сатып алуды көздесеңіз, жақындарыңызбен ақылдасыңыз.
Суқұйғыш
Бүгін көп ойланып, өзіңізді шаршатпаңыз. Үй шаруасымен айналысып, уақытыңызды бағалай біліңіз.
Балықтар
Егер сіздің басыңыз бос болса, бүгін болашақ екінші жартыңызды жолықтырып, жақынырақ танысатын боласыз. Бүгінгі күн сәтті болмақ.