Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада білім беру саласы цифландыруға көшті

Қызылордада білім беру саласы цифландыруға көшті

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 46 инновациялық мектептер желісі құрылып, ғылыми-инновациялық, математикалық жобалау және робототехника бағыттары дамуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.
«Облыста барлық мектептер кең жолақты интернет желісіне қосылып, цифрлық білім беру ресурстарымен жұмыс жасауда. Шағын жинақталған мектептер оқуға қажетті «BilimBook» кешендерімен толық қамтамасыз етілген. Аймақ мектептерінің 60%-ы жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілсе, компьютерлер 100 пайызға жаңартылды. Мектептерде «STEM» бағдарламалары енгізіліп 43% робототехника кабинеттерімен жабдықталды», - деді Майра Мелдебекова.
Сондай-ақ, биылғы оқу жылында Арал ауданында облыстық дарынды балаларға арналған жаңа мектеп-интернаты құрылды. Ендігі міндет – түлектердің әлемнің ең үздік оқу орындарынына түсуге жағдай жасау. Ауыл мен қала мектептері арасындағы сапа айырмасын болдырмау. Бұл мақсатта мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын кезең-кезеңімен жалғасады.
23 қазан 2019 ж. 355 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области