Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шетелдіктерге Қазақстанның оңтүстік шекарасынан өту жеңілдетілмек

Шетелдіктерге Қазақстанның оңтүстік шекарасынан өту жеңілдетілмек

Kyzylorda-news.kz. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шетелдік саяхатшылар ағынын арттыру үшін өңірде туризм саласы белсенді дамитынын атап өтті. Ол үшін аймақтағы көлік мәселесін шешіп, еліміздің оңтүстік шекарасынан өтуді жеңілдету керектігін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Шөкеев өткен жылы Түркістанға 1,4 миллион турист келгенін айтты. Бұл Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне билетпен барғандардың саны болып табылады.
«Өткен жылы Өзбекстанда 5 миллион турист болды. Бұл - Батыс елдерінен келген саяхатшылар болып табылады. Самарқандқа, Хиуаға және Бұхараға баратындардың көпшілігі Түркістанға да келгісі келеді. Бірақ бұл үшін көлік, шекараны кесіп өту мәселесін шешу керек. Біз бұл мәселелерді мүмкіндігінше жеңілдетуіміз керек», - деді әкім.
Сондай-ақ, жылдамдығы жоғары теміржол жобасы туризм үшін дүлкен маңызға ие. Ол Өзбекстан мен Қазақстанды байланыстырады.
24 қазан 2019 ж. 315 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области