Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандықтар енді көліктің «әдемі» нөмірлеріне арнайы тапсырыс бере алады

Қазақстандықтар енді көліктің «әдемі» нөмірлеріне арнайы тапсырыс бере алады

Kyzylorda-news.kz. Енді қазақстандықтар автокөліктің «әдемі» нөмірлеріне тапсырыс бере алады. ІІМ жүргізушілердің қалауына байланысты осындай шешім шығарды, деп хабарлайды Khabar.kz.
Аталған өзгеріс бүгіннен бастап, яғни 23 қазаннан бастап күшіне енді.
«Егер сіз жоғары сұранысқа ие әріптер комбинациясын, яғни бірдей үш әріпті таңдасаңыз, сандарды өз қалауыңызға қарай таңдауға құқығыңыз бар. Бұл азаматтарға мемелкеттік қызметтерді көрсетуді жетілдіру, оңтайландыру бойынша жоспарлық жұмыс болып отыр», - дейді ІІМ-нің әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Юрий Козлов.
ІІМ-дегілердің сөзінше, әріптер комбинациясын таңдау еркі берілгенімен, бейәдеп сөздердің құрастырылуына жол берілмейді.
Сонымен қатар «әдемі» нөмірлердің бағасы да өспейді. Оған қоса, көлікті сатқан жағдайда, иесі тіркеу белгісін жарты жылға дейін өзінде қалдыра алады. Яғни тіркеу белгісін сақтау мерзімі 30 күннен 6 айға дейін ұзартылған.
«Мұнда бір нәрсені түсіндіріп өтсем, егер 30 күнге дейін жаңа көлікке бұрын тіркелген мемлекеттік нөмірді қойғыңыз келсе, ол тегін беріледі. Мемлекеттік баж төлемейсіз», - дейді Юрий Козлов.
24 қазан 2019 ж. 277 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области