Дәрігер тұмаумен ауырғанда қандай май көмектесетінін айтты
Kyzylorda-news.kz. Дәрігер күз бен қыстың суығында бактериялар мен вирустарды жою жолдарын айтып берді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.
Қылтанақты ағаштың майы тұмау ауруынан құтқара алады, деді Мәскеу қалалық денсаулық сақтау департаментінің маманы Андрей Тяжельников.
Дәрігердің айтуынша, майды қол орамалға жағып, өзіңмен бірге алып жүруге болады.
Күн суытқанда тұмаудан қорғану үшін эвкалипт, шай ағашы, мирра, арша, балқарағай, қылқан жапырақты ағаштардың майын пайдаланған жөн, деп бөлісті маман.
Дәрігердің кеңесіне сүйенсек, бұл майлардың құрамында бактериялар мен саңырауқұлақшаларды жойып, вирустардың белсенділігін төмендете алатын биологиялық белсенді заттар бар.
Бұған қоса, Тяжельников мегаполистегі күйзелістің алдын алу үшін апельсин, лаванда, бергамот, жалбыз бен раушан гүлінің майын пайдалануға кеңес берді. Себебі олардың тыныштандыратын қасиеті бар екен.