Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Телефон алаяқтары ақша жымқырудың жаңа тәсіліне көшті

Телефон алаяқтары ақша жымқырудың жаңа тәсіліне көшті

Kyzylorda-news.kz. Киберқылмыскерлер банк клиенттерінен ақша жымқырудың жаңа тәсілін ойлап тапты - смартфонды сырттай басқару бағдарламасы арқылы, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алаяқтар телефон иесіне гаджетті басқаруға мүмкіндік беретін жаңа бағдарламаны бастыруға сендіреді. Мамандардың айтуынша, айына соның көмегімен жеке тұлғалалардан мыңнан аса ақша шығару операциялары жүргізілген.
«Айына орташа есеппен ірі банк үшін алтыдан он миллион рубльге дейін шығарып отырған», - дейді кибершабуылдарға тойтарыс беретін Group-IB компаниясының директоры Илья Сачков.
Осыған дейін, кибералаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін сайттардың дубликатын жасағанын айтады. Дер кезінде Kaspi.kz және Homebank.kz сайттарының егіздері анықталып, бұғатталған. Фишинг сайттарда қолданушыларға телефон нөмірі мен парольді теруді сұрайтын болған. Ары қарай SMS-код теру арқылы қолданушы өз есепшоттарын алаяқтарға ашып беретін болған.
27 қазан 2019 ж. 395 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области