Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кей адамдарға неге 5 сағаттық ұйқы жеткілікті?

Кей адамдарға неге 5 сағаттық ұйқы жеткілікті?

Kyzylorda-news.kz. «Дені сау болғысы келетін адам жақсы ұйықтауы керек. Бірақ неліктен кей адамдар аз ұйықтаса да, тың жүреді? АҚШ ғалымдары бұл сұрақтың жауабын тапты», деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Focus сайты жариялаған.
Калифорния университетінің биологы Ин Хуэй-Фу әріптесі Луи Птачекпен бірге аз ұйықтаса да, ұйқылары қанып жүретін адамдардың қанына талдау жасады. Зерттеуге қатысқан адамдар күніне алты сағаттан аз ұйықтайды екен.
«Ғалымдардың мақаласы Science Translational Medicine журналында жарияланды. Онда аз ұйықтайтын адамдардың генінде мутация бары анықталған. Мұндай адамдар аз ұйықтаса да, есте сақтау қабілеті өзгермейді», деп жазады басылым.
Ғалымдар мұндай генді өзгеріс адамдарға ұйқыны тиімді жұмсауға мүмкіндік беретінін айтты. Дегенмен, бұл зерттеу нәтижесі ұйықтай алмай жүретін адамдарға арналған препарат дайындауға септігін тигізе алады.
27 қазан 2019 ж. 295 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области