Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қуанышбек Ысқақов: Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілуі қажет

Қуанышбек Ысқақов: Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілуі қажет

Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен Саяси кеңес Бюросының кеңейтілген отырысы өтті.
Онда кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар және оның алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар мен жастар арасындағы жұмыссыздық, орта арнаулы оқу орындарында білім алу мәселелері туралы да айтылды.
Облыста кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын және жасөспірімдердің өздерімен жасалған қылмыстар азаймай отыр. Осыған орай, облыс әкімі ішкі істер департаментіне жұмысты күшейтуді тапсырып, облыстық полиция департаментінің бастығының орынбасары Ш.Амитовке бірқатар тапсырмалар берді.
"Жастарға қатысты қылмыстардың профилактикалық шаралары күшейтілсін, тиісті мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен байланыс орнатылсын. Жасөспірімдерге қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу және оны жою шараларына барша қоғам болып атсалысуымыз керек. Облыстың ішкі істер органдарының материалдық техникалық базасын нығайту үшін жыл сайын қыруар қаржы бөліп отырмыз. Алайда, жұмыстарыңыздың нәтижесін көріп отырған жоқпын. Аталған бағыттағы жұмыстар күшейтіліп, үш ай мерзімде орындалу қажет. Бұл мәселе жеке өзімнің бақылауымда болады" - деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Жиында 2018 жылдың 21 қыркүйегінде ҚР Үкіметімен 18 бен 29 жас аралығындағы NEET санатындағы жастар мен 2018 жылғы түлектерді қоғамға әлеуметтендіру және жұмыспен қамту туралы Жол картасын бекіту қаулысы қабылданды. Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізудің Жол картасы бекітілді. Бекітілген Жол картаның орындалуы бойынша облыстық жастар мәселесі басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов баяндады.
Аймақ басшысы NEET санатындағы жастармен жүргізіліп отырған шараларға көңілі толмайтындығын жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар тікелей өзінін бақылауда болатынын айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.
"Дипломы бар NEET санатындағы жастардың көпшілігі бәсекеге қабілетсіз жергілікті колледждер мен жоғарғы оқу орындарының түлектері. Білім сапасы да бақылауда болуы керек. Сандық көрсеткіштермен қатар нақты жұмыстар жасалуы тиіс. Тиісті басқарма басшылары, қала мен аудан әкімдері баршаңыз NEET санатындағы жастармен жұмыс істеуге арналған нормативтік актілерді мұқият зерттеңіздер. Барлық аудандарда жастар ресурстық орталықтары бар. Жастар мәселелеріне 600 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. Мемлекет тарапынан қолдау жеткілікті, алайда нәтиже жоқ ",- деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Сонымен қатар, кеңейтілген отырыста облыс әкімі тиісті мекемелердің ақпаратын мысалға ала отырып, жастармен жұмыс істеуде ведомствоаралық байланыстарды үйлестіруді міндеттеді.




06 қараша 2019 ж. 247 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области