Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандықтар жеке куәлігін электронды түрде көрсете алады

Қазақстандықтар жеке куәлігін электронды түрде көрсете алады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтарға eGov mobile қосымшасындағы жеке куәлікті электронды түрде көрсетуге мүмкіндік беретін қызмет қолжетімді болды, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Компания мамандары қосымшадағы қосымша қызметтерді дайындады. Құжат Android және iOS платформаларындағы eGov mobile қолданушыларының барлығына қолжетімді.
«Егер жеке куәлігіңіздің түпнұсқасы өзіңізбен болмаса, оны электронды түрде көрсете аласыз. Ендігі, мысалы, нотариуста құжаттарды рәсімдегенде, eGov mobile қосымшасындағы электронды жеке куәлігіңізді көресетуге болады. Мұнан кейін сізге QR-код арқылы рұқсат беру қызметі ұсынылады. Осылайша, нотариус сіздің құжатыңыздың шынайы екеніне оңай көз жеткізе алады», - деп жазды компания өкілдері Facebook желісінде.
Қосымшаны дайындаушылардың сөзінше, eGov mobile жұмыста, салық, елшілік және өзге де ведомстволарда көрсету үшін қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға мүмкіндік береді.
06 қараша 2019 ж. 268 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области