Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Діни басқарма дүркіретіп той жасаған қажының әрекетін «даңғазалық пен мақтаншақтық» деп мәлімдеді (ФОТО)

Діни басқарма дүркіретіп той жасаған қажының әрекетін «даңғазалық пен мақтаншақтық» деп мәлімдеді (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. 100 мәрте қажылыққа барған Амангелді Еренғайыпұлы Алматыда 400 адам шақырып аста-төк той жасап, онысы желіде тарап, көптің қызу талқысына түскенін осы уақытқа дейін жазған болатынбыз. Осы жайтқа Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының пікір білдірді.
«Аzattyq-ruhy.kz» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда қажылық сапарға адам апарумен 20 фирма айналысады екен. Мекке-Мединеге жыл сайын елімізден үш мыңнан астам адам аттанса, олардың 10-15% қажылыққа қайталап баратындар. Бүгінде ҚМДБ ресми түрде танып, етене жұмыс істейтін 20 туристік фирма бар. Амангелді Еренғайыпұлына тиесілі «Нұр-Қазақстан» компаниясы да солардың бірі. Оның президенті де қажылыққа жұмыс бабымен, жол көрсетіп барады.
Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділда Бекжігітовтің айтуынша, шариғатта қажылыққа баруға шектеу қойылмайды. Бірақ, құлшылықтың қанша рет жасалғанын жалпақ жұртқа жариялауға тыйым салынады.
«Діни басқарма фирма басшыларына, қажылыққа қызмет етіп жүрген адамдарға қоғамның ашуын тудыратын, құлшылықты бұзатын, құлшылыққа кері әсерін тигізетін осындай іс-әрекеттерге бармаса екен деп ескертеді. Бұл қоғамда жағымсыз пікір қалыптастырды. Оны исламтанушылар да айтып жатыр. Пайғамбарымыздың әдемі хадисі бар: кедей, міскін адам шақырылмаған дастарханның хайыры жоқ дейді. Ал енді өңкей игі жақсыларды жинап алып той жасауы шүкіршіліктің форматына келмейді. Ол - даңғазалық, мақтаншақтық», - деді ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділда Бекжігітов.
Жер бетіндегі мұсылман жамағаты арасында мынша рет қажылыққа барды деген рекордтық көрсеткіш жоқ. Діни басқарма өкілінің айтуынша, Мұхаммед Пайғамбардың өзі өмірінде қажылыққа екі рет барған.
Айта кетейік, тойға Меккеден Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) екі ұрпағы мен еліміздің экс-бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі, сондай-ақ, қоғам қайраткерлері, Сәкен Майғазиев бастаған бірқатар эстрада жұлдыздарды келген.

07 қараша 2019 ж. 346 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области