Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы Назарбаев мектебінде әкелер кеңесі құрылды

Қызылордадағы Назарбаев мектебінде әкелер кеңесі құрылды

Kyzylorda-news.kz. Әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және мектеппен байланысты нығайту мақсатында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жанынан әкелер кеңесі құрылып, алғашқы отырысы өтті.
Ыбырай Алтынсарин айтқандай «Әке мен бала достығы» – ең қымбат құндылық, осы құндылықты дәріптеу мен насихаттау Зияткерлік мектеп жұмысындағы негізгі ұстанымдарының біріне айналып отыр. Бала тәрбиесінде әкенін алар орны ерекше екенін атап өткен мектеп директоры Бахыт Жұматай алғаш рет құрылған клуб жұмысына сәттілік тіледі.
Ал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ляззат Абдраимова өз сөзінде әкелер қауымдастығының мақсат-міндеттеріне тоқталып, жылдық жоспармен таныстырды.
– Әкелер кеңесінің жұмысы – отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиесіне ат салысуға шақыру және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы ата-ананың белсенділігін арттыру мен мектептің ұл балаларын еңбекке тартуға бағытталған, – деді Ляззат Өндірісқызы.
Кеңестің алғашқы отырысына 7-12 сынып оқушыларының 70-ке жуық ата-анасы қатысуға ниет білдірді. Арнайы өткізілген тренинг барысында қатысушы әкелер бір бірімен достық қарым-қатынас орнатып, топта бірлесіп жұмыс жасау барысында клуб жұмысын ұйымдастыруда өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, бұрыңғы және қазіргі замандағы әкелердіңң рөлін салыстыру, заманауи әкелердің отбасындағы орнын талдау арқылы тың ижобаларымен бөлісті.
Кездесу соңында ер азаматтар тақтайшаға өркеннің суретін шеге қағып салу тапсырмасын орындап, ауызбіршіліктерін көрсетті.
«Мектебімізде әкелер клубы ашылғанына қуаныштымын. Балаларымыздың тәрбиесіне мектеп қана емес, ата-аналар, соның ішінде әкелер де араласып, белсенділік танытқаны абзал», – деді Жандос Сағынбекұлы.
Клубтың жылдық жоспарына сәйкес әкелер алдағы уақытта оқушылармен ақпараттық-танымдық, спорттық шараларда бас қосып, ерекше назар аударуды қажет ететін отбасылардың балаларымен бірлескен жұмыстар жүргізетін болады.
07 қараша 2019 ж. 472 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области