Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әзілкеш Шарапов Ләйла Сұлтанқызының күйеуі екеуін татуластырмақ болғанын мәлімдеді

Әзілкеш Шарапов Ләйла Сұлтанқызының күйеуі екеуін татуластырмақ болғанын мәлімдеді

Kyzylorda-news.kz. 8 қараша күні Ләйлә Сұлтанқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шарапов арасындағы сот ісі аяқталды. Аталған істе судья кейінгісін ақтап, тележүргізушіні шығынды өтеуге міндеттеді. Бұл туралы Нұрсұлтан Құрманның Youtube арнасында жарияланды.
Әзілкеш Ләйлә Сұлтанқызының өзімен сөйлесуге зауқы жоқ екенін айтады. 18 тамыз күні ұшақта кездесіп қалған. Келесі күні тележүргізуші әзілкешті сотқа берген.
«Астанадан Алматы қаласына қарай ұшып бара жаттым. Астанадан эконом-классқа билет алған болатынмын. Тағдыр шығар, Құдай сөйтіп бұйыртып қойды ма? Air Astana эконом-класстан мені бизнес-классқа лақтырды. Сөйтіп бизнес-классқа жүгімді қойып, терезе жаққа ауысып отырдым. Телефон шұқылап отырғанымда біреудің қарап тұрғанын байқадым. Бір үлкен кісі қарап отыр екен.. «Мені сені танимын ғой» деді. Мен «Теледидардан көрген боларсыз» дедім. «Жоқ, мен сені танимын. Ләйләнің күйеуімін» деді.
Ар жағында Ләйлә Сұлтанқызы мен бала-шағасы отыр екен. Мен амандасқан едім, ол кісі амандаспады. Одан кейін күйеуі «Бүкіл жағдайды естіп жатырмын. Соттасып жатыр екенсіңдер. Оның барлығын не қыласыңдар? Дауласпай-ақ қойыңдар. Достасыңдар, оның үстіне менің ауылдасым, жерлесім екенсің. Өзіңнің рулас әпкең, қазақпыз ғой» деді. Сотқа мен беріп жатсам, мейлі, шағым айтуға болады. Әрі қарай тұрмыстық әңгімеге көштік», - деді Нұрболхан Шарапов.
Әрі қарай әзілкеш 19 тамыз күні Ләйлә Сұлтанқызының өзін сотқа бергенін айтты. Телефонына 2 бап бойынша айыпталып жатқаны туралы хабарлама келген. 130 және 131-баптың 2-бөлігі бойынша. Екеуі де - қылмыстық іс. Яғни Нұрболхан Шараповтың кінәсі дәлелденген жағдайда ол түрмеге отыруы мүмкін еді.
«Азаматтық іс болса, айыппұлмен құтылып кетуге болатын еді. Сотта ол кісінің қорғаушысы «Нұрболхан Шараповты 2 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын және 5 млн теңге көлемінде моральдық шығын төлесін» деді. Біз шок болдық. Адвокатым екеуіміз бір-бірімізге қарап күлдік. Мен де сотқа барлық жағдайды түсіндірдім. Ол мәселені мен ғана көтерген жоқпын. Маған дейін халық шулады. Маған халық «Сіз неге үндемей отырсыз? Әшейінде қоғамда болып жатқанды жазасыз» деді. Беретін болса, бүкіл қазақты сотқа берсін дегендей», - деді әзілкеш.
Сот 8 қараша күні Нұрболхан Шараповты ақтап шықты. Ол осы сәтте қатты қуанышты болса да, сыр бермеуге тырысқанын айтады.
11 қараша 2019 ж. 523 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области