Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Республикалық акция Қызылордадағы ХҚКО-да жалғасын тапты

Республикалық акция Қызылордадағы ХҚКО-да жалғасын тапты

Kyzylorda-news.kz. «Менің туым – менің Отаным» акциясы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында жалғасын тапты. Қаладағы №1 халыққа қызмет көрсету орталығында «Nur Otan» партиясының өкілдері және белсенді жастармен бірге мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті.
«Бүгінгі акциямыздың негізгі мақсаты өскелең ұрпаққа Туды насихаттап, қазақстандық жастардың туған еліне деген отансүйгіштігін ояту болып табылады. Әлемнің дамыған елдерінде Мемлекеттік байрақтарын қоғамдық жерлерге іліп, әрбір елдің азаматы мақтаныш тұтады. Мысалға Түркия, АҚШ, Жапония елдерін атап өтуге болады. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде мемлекеттік Туды насихаттау, дәріптеу акциялары жалғасып жатыр. Бүгін міне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы да өз қолдауын білдіруде», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Айдын Қайруллаев.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қабылдау процесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі орасан зор. Оның тікелей жетекшілігімен 1992 жылы жаңа мемлекеттік нышандарды даярлау бойынша жұмыс тобы құрылды. Сол уақыттан бастап еліміздің мемлекеттік рәміздері Қазақстанның табысты дамуының белгілеріне айналды.

13 қараша 2019 ж. 310 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области