Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Facebook желісінде 3,2 млрд жалған аккаунт өшірілді

Facebook желісінде 3,2 млрд жалған аккаунт өшірілді

Kyzylorda-news.kz. Facebook 2019 жылдың сәуірі мен қыркүйегі аралығында 3,2 млрд жалған аккаунтты және зорлық-зомбылық сипатындағы миллион постты өшірді. Бұл туралы Reuters басылымы жазды.
Компания таратқан мәліметте, 2018 жылы 1,55 млрд жалған аккаунт өшірілгені айтылған. Facebook өшірген парақшалары жайлы бірінші рет мәлімет таратып отыр. Компания жалған ақпарат пен теріс мәлімет таратқан Instagram қолданушыларының парақшаларын да өшірген.
Сондай-ақ компания террористік ұйымдармен байланысы бар контенттерді жылдам анықтай алатындықтарын мәлімдеп отыр, бұл тұрғыда Facebook-тің анықтау мүмкіндігі 98,5%, Instagram-кі 92,2%.
Осы жылдың ІІІ тоқсанында компания Facebook-те жалаңаштанған және балаларға зорлық көрсетілген фотосы бар 11,6 млн материалды өшірген, ал Instagram-да осындай сипаттағы 754 000 пост өшіріліпті.
Сондай-ақ осы аралықта Facebook өз-өзіне қол салған немесе өзін жарақаттаған бейнелер мен фотолары бар 2,5 млн постты жойған.

14 қараша 2019 ж. 238 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области