Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанның оңтүстігінен мұнай табылды

Қазақстанның оңтүстігінен мұнай табылды

Kyzylorda-news.kz. Түркістан облысы Үлкен Қаратаудағы Шоқпақ учаскесінде палеозой жыныстарынан мұнай белгілері анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.
Арнаулы экспедиция боксит, онымен қоса қорғасын, мырыш және сирек кездесетін басқа да заттарды табу үшін Үлкен Қаратаудың Леонтьев ойысындағы геофизикалық түзілімдерді зерттеген.
Ол үшін 300 метрге дейінгі ұңғымалар қазылғаны белгілі болды.
Ведомство дерегінше, бұрғыланған 39 ұңғыманың он бірінен қоңыр түсті сұйық мұнай табылыпты.
Бұдан тыс, бұрғылау кезінде табиғи байлықтың қабыршақтары бөлініп шыққан.
Түркістан облысындағы "қара алтын" белгілері еліміздің тауларынан табылған алғашқы мұнай болып табылады.
Бұл Сырдария, Шу-Сарысу ойпаттарынан мұнай және газды іздеу үшін аса маңызды қадам болды.
Айта кетейік, осыған дейін Шу-Сарысу ойпатында бірнеше ұсақ газ кені табылған болатын.
Олардың ең ірілері – Амангелді және Придорожное кендері.
Енді Сырдария, Шу-Сарысу ойпаттарынан "қара алтын" іздеудің өзектілігі арта түсті. Учаскелерді барлау және бұрғылау жалғасады.

19 қараша 2019 ж. 264 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области