Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гонконгтегі қақтығыс кезінде қазақстандық студент тұтқындалды

Гонконгтегі қақтығыс кезінде қазақстандық студент тұтқындалды

Kyzylorda-news.kz. Гонконгте жаппай наразылық кезінде қазақстандық студент тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz.
Ведомстводағылардың мәліметінше, Гонконг полициясы қазақстандық студенттің тұтқындалған туралы елшілерімізге хабарлаған. Белгілі болғандай, Баптист университетінің 1-курсында оқып жатқан Нүкпи Әбілқайыр 18 қарашада биліктің наразылыққа шыққандармен қақтығысы кезінде тұтқындалыпты.
«Консулымыз тұтқындалған жас жігітке барып, кездесті. Денсаулығы тұрақты. Оң қолының шынтағында жарақат бар. Полицейлер тұтқындаған кезде құлап, сол кезде жарақаттаған екен», - дейді министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.
Сонымен қатар министрліктегілер жас жігіттің ұсталу жағдайына қатысты шағымы жоқ екенін айтты.
20 қарашада алдын ала отырыс өтті. Елшілер аталған ісіті айрықша бақылауға алды. Олар отандасымыздың құқығы сақталғанын қадағалайтын болады.
Сонымен қатар қазіргі уақытта қазақстандық жігіт үшін қорғаушылар іздестірілуде. Соңғы уақытта мұнда 4 мыңнан аса адам тұтқындалғандықтан, қораушылар жетіспеушілігі байқалуда.
Бұған дейін СІМ Гонконгтағы жаппай наразылық үшін қазақстандық студенттерді елге оралуға шақырған еді.
21 қараша 2019 ж. 314 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области