Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » KFC-ге берілген «ҚМДБ халал» сертификаты қайтарып алынды

KFC-ге берілген «ҚМДБ халал» сертификаты қайтарып алынды

Kyzylorda-news.kz. Қаптамасындағы «ҚМДБ халал» таңбасы KFC-дің сертификатты қайта алғанын білдірмейді, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы.
«Халал өнімдерін стандарттау бөлімі 2018 жылдың 12 желтоқсанында The Caspian International Restaurants Company компаниясына тиесілі KFC ресторандар желісіне берілген «ҚМДБ халал» сертификатын қайтарып алған болатын. Басты себеп – «ҚМДБ халал стандарты» талаптарының сақталмауы. Аталған компанияның Алматы қаласындағы басшылығына KFC ресторандар желісі ғимараттарынан сертификатты және «ҚМДБ халал» таңбасын өнімдерінен алып тастау және қолданбау жөнінде ескерту хаты жолданған болатын. Осы мәселе бойынша, «Халал Даму» ЖШС-ның өңірлердегі жауапты өкілдері тарапынан да бірнеше рет тексеріс жұмыстары жүргізілді», - делінген  хабарламада.
Дегенмен, The Caspian International Restaurants Company-дің «ҚМДБ халал» таңбасын әлі де өз өнімдерінің қаптамаларында пайдаланып келгендігі анықталып отыр.
«Олай дейтін себебіміз, бізге тұтынушылар тарапынан келіп жатқан толассыз арыз-шағымдар мен хаттар, фотодеректер бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің мақсаты – халал өнімді талапқа сай ұсыну. Жауапкершілік пен сенімді өз деңгейінде атқару. Бұл – бізге жүктелген міндет. «Халал Даму» мен The Caspian International Restaurants Company KFC мекемесі арасында сертификаттауға қатысты қайта келісімшарт жасалмағанын хабарлай отырып, KFC өніміндегі қаптамадағы «ҚМДБ халал» таңбасы халал сертификатын қайта алғанын білдірмейді», - дейді баспасөз қызметі.
Kkfc-kazakhstan.kz сайтында «Қазақстандағы KFC мейрамханалары тек халал өнімдермен жұмыс істейтіндігін мәлімдейді» деп жазылған. Ондағы мәліметке сүйенсек, KFC Қазақстан командасы 2018 жылдың 11 желтоқсанынан бастап «Қазақстанның Халал Индустриясы Қауымдастығы» ЗТБ Халал сертификаттау жөніндегі Халықаралық органымен ынтымақтастықта жұмыс жүргізеді.
Десе де, ҚМДБ «халал стандарты» бір жылда жаңартылып отыруы керектігін, аталмыш компания ол сертификатты жаңартпағанын хабарлайды.


21 қараша 2019 ж. 421 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области