Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2020 жылы «Ерекше адамдар» жобасы басталады

2020 жылы «Ерекше адамдар» жобасы басталады

Kyzylorda-news.kz. Келесі жылы «Рухани жаңғыру» Қазақстан қоғамдық даму институты бастамасымен «Ерекше адамдар» жобасы басталмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жобаға өзінің қызмет саласына қарамастан кез-келген азамат қатыса алады. Қатысушылардың жас ерекшелігі бойынша шектеу жоқ. Ruh.kz республикалық порталында, өмірі қызықтырған, кішкентай, тіпті, үлкен сенсация жасаған кейіпкерлер туралы материалдар жарияланатын болады.
«Ерекше адамдар» айдарына қойылатын талаптар жоғарыда айтылған құндылықтарды дәріптейтін, Отаны үшін қызмет етіп жүрген адам болуы қажет. Сондай-ақ, өзінің ерекшелігін толық сипаттайтын нақты материалдар жіберілуі керек. Ақпараттың ішінде тұлғаның толық аты-жөні, туған жері мен мекенжайы, ерекшелігі көрсетіледі. Материал TimesNewRoman шрифтіндегі 14-өлшеммен жазылып, фотосуреттер JPEG форматында (20 данадан кем емес) берілуі тиіс. Бұл айдарды Ruh.kz порталында жариялау мерзімі қосымша хабарланады.
Айта кетерлігі, порталда үміткердің бірегейлігін тиісті түрде сипаттамайтын немесе талаптарға сәйкес келмейтін материалдар жарияланбайды. Қатысушылар өздері туралы немесе басқа адамдар туралы жиналған материалдарды жоба офисінің project_office_pvl@mail.ru электронды поштасына «Ерекше адам» тақырыбын жазып жібере алады.
22 қараша 2019 ж. 259 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области