Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өзінің тұсаукесерінде ұйықтап отырған бала елдің ішек-сілесін қатырды (ВИДЕО)

Өзінің тұсаукесерінде ұйықтап отырған бала елдің ішек-сілесін қатырды (ВИДЕО)

Kyzylorda-news.kz. Ұлына дүбірлетіп тұсаукесер той жасаған ата-ана мен қонақтар қызықты сәттің куәсі болды. Бүлдіршін өзінің тұсаукесер сәтінде ақ матаның үстінде ұйықтап қалған. Ал той үстіндегі қызық жағдай желіде лезде тарап кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.Кадрдан сәбидің ақ матаның үстіне жайылған ақшалардың арасында көзі жұмулы күйінде отырғанын көруге болады.
Анасы болса жерде отырған ұлының қолына он мың теңгені ұстатып жатыр. Алайда тәтті ұйқыдағы бүлдіршін болса оған назар аударар емес.
Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары видеоның ерекше көңіл-күй сыйлағанын жарыса жазуда. Тіпті баланың болашақта үлкен шенді азамат болатынын болжағандар да табылған.
"Депутат болатын бала ғой", "Ақша өзі келе береді мына балаға", "Тәп-тәтті балақай", "Мына видеоны көре бергің келеді", - деп жазды олар.
Десе де, оқырмандар арасында ештеңеге қарамастан баланың тұсауын кесіп, "қинаған" үлкендерді сынағандар да болды.
"Баланы күні бойы ұйықтатпаған секілді", "Бала шаршады, ол не істейді ақшаны", - деп жазды желідегілер.


22 қараша 2019 ж. 332 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области