Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдарияның сол жағалауында 28 көпқабатты тұрғын үй салынады

Сырдарияның сол жағалауында 28 көпқабатты тұрғын үй салынады

Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов айтты.
«1064 пәтерлік 22 көпқабатты тұрғын үй салынды, оның 14-і (604 пәтер) жеке инвесторлармен салынған. Одан бөлек, 1190 пәтерлік 28 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Жаңа қаланың жас отбасыларына жағдай жасау үшін 320 орындық балабақша салынды. «Болашақ» университетінің кампусы құрылысы да аяқталуға жақын», - дейді аймақ басшысы.
Алдағы жылдары дарияның сол жағалауында Неке Сарайы, дарынды балаларға арналған физика-математикаға бейімделген мектеп-интернат пен жатақхана, жабық көпсалалы футбол манежі, музыкалық драма театр, көпсалалы аурухана, сауда-жәрмеңке кешені және тағы басқа нысандар бой көтереді.
«Жеке инвесторлардың күшімен сол жағалауды дамыта отырып, мемлекет үшін де, бизнес үшін де тиімді жобаны іске асырамыз. Себебі, бюджет есебінен тек инженерлік коммуникацияларын тарта отырып, өткен жылы инвесторлар есебінен тұтастай шағын аудан құрдық», - дейді Қуанышбек Ысқақов.
22 қараша 2019 ж. 250 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области