Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Әйелдер ипотекасын» алу үшін не істеу керек?

«Әйелдер ипотекасын» алу үшін не істеу керек?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда тұрғын үй саласында гендерлік теңдікті жетілдіру мақсатында әйелдерге арналған ипотека жобасы жүзеге асырылайын деп жатыр. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" "Азия Даму Банкімен" біріге отырып, шамамен 4000 әйелге ипотека бермекші, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазақстанда 9,1 миллион әйел бар, олардың 4,4 миллионы жұмыспен қамтылған, жартысы өз отбасыларын өздері асырап отыр. Сондай-ақ, әйелдердің жалақысы ерлердікіне қарағанда үш есеге аз екенін ескеру керек. Бұл әйелдердің ерлерге қарағанда пәтер алу мүмкіндігі төмен екенін білдіреді. Сондықтан біз "Азия Даму Банкімен" бірге қазақстандық әйелдерді қолдай отырып, гендерлік жобаны жүзеге асырмақшымыз", - деді "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" басшысы Ләззат Ибрагимова.
Банктегілердің айтуынша, ипотека жобасына жаңа салынған үйлер де, қайталама нарықтағы пәтерлер де кіреді. Кредиттің максимал сомасы - 30 миллион теңге, алғашқы жарна - 15 пайыз. Бірақ ол әйелдің жалақысы 200 мың теңгеден кем болуы тиіс. Ал жалақысы 200 мың теңгеден асатын әйелдер үшін алғашқы жарна - 20 пайыз. Пайыздық мөлшерлеме әлі белгісіз, ол туралы кейінірек айтылады.
25 қараша 2019 ж. 283 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области