Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шайды көп ішу кімдерге зиян?

Шайды көп ішу кімдерге зиян?

Kyzylorda-news.kz. Ресейлік диетолог, нутрициолог Марина Макиша шай ішудің кімдерге зиян екенін айтып берді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Дәрігердің айтуынша, шайда биологиялық белсенді заттар көп, мысалы, полифенол, танин, кофеин, минерал тұздар. Олардың барлығы ағзаға кері әсерін тигізеді дейді. Нутрициолог шай біреулерге жақса, біреулерге мүлде жақпайтынын айтады.
«Кейбіреулер шай ішкен соң құсқысы келсе, біреулерінде қан қысымы жоғарылайды. Шайдың сергітетін сусын екенін түсіну керек. Генетикалық ерекшеліктерге қарамастан, ол адам денсаулығына түрлі әсерін тигізеді», – дейді Марина Макиша.
Сондай-ақ, дәрігер асқазаны ауыратын және асқазан сөлінің шамадан тыс қышқылы бар адамдарға көп шай ішпеуге кеңес береді. Бұдан бөлек, шайдың ас қорыту жүйесі ауруларын қоздыруы мүмкін екені айтылады. Дәрігердің айтуынша, кейбір жағдайдаларда шайдан бас ауырып, жүйке жүйесі құрып, жүрекке кері әсерін тигізеді.
30 қараша 2019 ж. 325 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области