Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ғалымдар тұқым қуалайтын ауруды тез анықтаудың әдісін тапты

Ғалымдар тұқым қуалайтын ауруды тез анықтаудың әдісін тапты

Kyzylorda-news.kz. Сургут мемлекеттік университеті медицина институты ғылыми-білім беру орталығының генетик-дәрігерлері мен ғалымдары тұқым қуалайтын ауру – муковисцидоздың генетикалық диагнозын қою уақытын қысқартатын жаңа технология ойлап тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Муковисцидоз – тұқым қуалайтын ауру. Эндокриндік бездерге зақым келіп, тыныс алу органдары мен ас қорыту жүйесінің функциялары бұзылып, генетикалық мутация жүреді. Егер қатерлі дерт уақытында анықталмаса, адам өліміне әкеп соғуы әбден мүмкін.
Бүгінде тұқым қуалайтын ауруларды анықтау үшін жаңа туған сәбилер неонатальды скринингтен (құрғаған қанның биохимиялық тексерісі) өтеді. Бұл тексеріс алғашқы айларда муковисцидоздың даму қатері жоғары балаларды анықтауға мүмкіндік береді.
Алайда диагнозды растау үшін секвенирлеу (гендегі нуклеотидтерінің бірізділігін анықтау) өткізу керек. Қазіргі таңда генетикалық зерттеу жүргізуге арналған жабдық тек арнайы федералды орталықтарда ғана қолжетімді.
Орталықтың ғалымдары мен генетик-дәрігерлері балаларда муковисцидоз расталған жағдайда, генетикалық зерттеу орындау мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін сапалы жаңа технологияны қолданды.
"Жаңа диагностика әдістерін дамыту Ресейдің бүкіл медицина-генетика қызметінің өте өзекті міндеті болып табылады: бұл әдісті кез келген жабдықталған зертханада қолдануға болады", - дейді Д.О. Отта атындағы акушерлік, гинекология және репродуктология ғылыми-зерттеу институты геномды медицина бөлімінің жетекшісі, генетикалық диагностика саласындағы сарапшы Андрей Глотов.
Анализ муковисцидоздың дамуына әкеп соғатын мутацияны іздеуге қажетті генетикалық ақпараттың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, егер бұрын бүкіл геннің нуклеотидті бірізділігін анықтау қажет болса, жаңа әдістің арқасында секвенирлеу көлемі 90%-ке төмендеді. Генетикалық диагноз қою процедурасы 3-4 жұмыс күніне дейін қысқарды. Бұған дейін федералды орталықтардың зерттеу нәтижесін 2-3 ай күту қажет болатын.
"Бұған қоса, бұл әдісті одан әрі жетілдірсе, басқа да аурулардың диагнозын жылдам қоюға болады", - деді медицина институты балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, профессор Виталий Мещеряков.
Ғалымдар енді мұндай зерттеулерді стандартты жабдықпен (ПЦР-амплификатор және секвенатор) жарақталған кез келген генетикалық зертхананың базасында өңірлік деңгейде жүргізуге болатынын атап өтті.
30 қараша 2019 ж. 244 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области