Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қазақфильм» туындылары Испанияда өткен фестивальде жүлделерге ие болды

«Қазақфильм» туындылары Испанияда өткен фестивальде жүлделерге ие болды

Kyzylorda-news.kz. Алматыда Bekmambetov Cinema кинотеатрында өткен "Қыз бен теңіз" әлеуметтік фильмінің (режиссерлері Әзизжан Зайыров пен Мұхамед Мамырбеков) қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесерінде "Қазақфильм" киностудиясының президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов Испанияның Барселона қаласында өткен Asian Film Festival кинофестивалінде отандық туынды "Үздік фильм" жүлдесімен марапатталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Massaget.kz.
Сондай-ақ осы фестивальге қатысқан "Әруақ" картинасы (режиссері Хуат Ахметов) да "Ерекше" бағдарламасында "Үздік сценарий" жүлдесіне қол жеткізді. Бұл туындыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген.
"Қыз бен теңіз" фильмінде БЦП-мен ауыратын Әсел есімді бойжеткеннің өмірі баяндалады. Оның бар арманы – махаббатын кездестіріп, отбасын құру. "Арман алға жетелейді" демекші, Әсел барлық қиындықтарға төтеп беріп, жақсылықтан үміт үзбейді.
Бұл кинотуынды биыл Лондонда өткен Romford film festival фестивалінде "Үздік әйел адамның рөлі" (Динара Шарипова) жүлдесімен, Башқортостада өткен IV "Қүміс Акбозат" фестивалінде "Әлеуметтік және мотивациялық кино" номинациясы бойынша қоғам қайраткері Каринэ Хабированың арнайы жүлдесімен және Башқортостан Республикасы отбасы және еңбек министрлігі атынан "Армандардың орындалуы" арнайы сыйлығымен (актер Тахир Умаровқа табысталды) марапатталған болатын.
"Әруақ" фильмі екі кейіпкердің – Ағатай қарт пен жетім баланың кездейсоқ ұшырасуы туралы баяндайды. Қазақ киносының мэтрі, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов осы фильмде сомдаған рөлі үшін биыл Анапа қаласында өткен "Киношок" кинофестивалінде үздік ер адам рөлі жүлдесімен марапатталды.
Айта кетсек, Asian Film Festival фестиваліне "Қазафильм" киностудиясы түсірген "Шыңырау" (реж. Жаңабек Жетіруов), "Саташ" (реж. Төлеген Байтөкенов) және "На грани" (реж. Алдияр Байракимов) қатысты.
Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған испаниялық фестивальде Азиядағы 25 елдің 100-ге жуық фильмдері көрсетілді.
02 желтоқсан 2019 ж. 251 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области