Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Студенттер 2020 жылдан бастап қанша шәкіртақы алады?

Студенттер 2020 жылдан бастап қанша шәкіртақы алады?

Kyzylorda-news.kz. Білім және ғылым министрлігінің өкілдері студенттердің 2020 жылдан бастап қанша шәкіртақы алатынын айтты, деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.  
«2020 жылдың қаңтарынан бастап орта буын мамандарының шәкіртақысы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге дейін, ал жоғарылатылған шәкіртақы 19 272 теңгеден 24 090 теңгеге өседі. Сондай-ақ, келесі жылдың қаңтарынан бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге, магистратурадағы шәкіртақы 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге өссе, докторантурада оқитындардың шәкіртақысы 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге өседі», - деленіген хабарламада.
Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық студенттердің шәкіртақысын өсіруді тапсырған болатын.  
«Бүгінде өзекті мәселелердің бірі ЖОО студенттердің шәкіртақысын өсіру екенін біледім. Бұл мәселе сол күйі назардан тыс қалды, 2016 жылдан бері шәкіртақы өскен жоқ. Оған себептер бар. Сондықтан да студенттерді қолдау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқитын жалпы саны 133 мың студенттің шәкіртақысы 25 пайызға өсіруді тапсырамын», - деген еді Тоқаев.
11 желтоқсан 2019 ж. 337 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области