Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сенат Қызылорда облысының дамуына қатысты құжатты қабылдады

Сенат Қызылорда облысының дамуына қатысты құжатты қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Парламент Сенатының жалпы отырысында «1994 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Хаттамаға 2017 жылы қарашада Челябі қаласында екі ел президенттерінің қатысуымен өткен ҚР мен РФ арасындағы өңірлік ынтымақтастық жөніндегі форум аясында қол қойылды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Айдарбек Сапаровтың сөзіне қарағанда, хаттамамен «Байқоңыр» кешенін жалға беру шарты №2 қосымшасын жаңа редакцияда беру көзделген.
«Хаттамамен оған жалпы алаңы 11,6 мың гектар төрт жер учаскесі жалға алу бөлігінен шығарылады. Оның ішінде жалпы алаңы 1 740 гектар екі учаске Қармақшы ауданы Төретам кентін кеңейту үшін, сондай-ақ 9 950 гектар екі учаске «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін, «Алматы-Мәскеу» теміржолын салу және «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының желілік бөлігі үшін алынып отыр. Құжатты ратификациялау көрсетілген учаскелерді Ресейге жалға берілген нысандардың тізімінен шығару барысын аяқтау үшін қажет», - деді ол.
Айта кетейік, көрсетілген жер телімдері Қызылорда облысының дамуы үшін қажет. Осы шаралар өңірдің әлеуметтік жағдайына және экономикасына оң әсерін тигізеді. Бұл жер телімдерін жалға алудан шығару Ресей тарапының Қазақстанға жыл сайынғы жалға алу төлемі сомасының қысқаруына ықпал етпейді.
12 желтоқсан 2019 ж. 229 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области