Елімізде «Ең үздік отбасы дәрігері және оның командасы» байқауы өтіп жатыр
Kyzylorda-news.kz. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің іске асырылу қарсаңында Қазақстанда қалалық және ауылдық медициналық мекемелерінің арасында ең үздік емхана мен отбасылық дәрігерді анықтау үшін халықтық дауыс беру басталды, деп хабалайды «ӘМСҚ» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Байқаудың ұйымдастырушылары «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ және «Primary Health Care» Ұлттық Ассоциациясы. Байқаудың демеушісі - «Банк ЦентрКредит» Акционерлік Қоғамы.
Байқауда тек мемлекеттік және жеке медициналық мекемелерде қызмет атқаратын отбасылық және жалпы тәжірибелік дәрігерлерлер өз топтарымен қатыса алады.
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде халықтық дауыс беру арқылы төмендегі принциппен 34 номинант анықталады:
Қазақстанның 14 облысының әрқайсысынан ең көп ұпай санын алған бір ауылдық дәрігер;
Әр облыстан ең көп ұпай санын алған бір қалалық дәрігер (барлығы- 14 талапкер);
Республикалық маңызы бар әр бір қаласынан ең көп ұпай санын алған екі қалалық дәрігер (барлығы - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 6 талапкер).
Екінші кезеңде, 2019 жылғы 20 мен 22 желтоқсан аралығында, жюри 34 талапкердің арасынан:
Байқау демеушісінен 5 млн. теңге көлеміндегі жүлделік қорына ие болатын «Ең үздік отбасылық дәрігер мен оның тобы» номинациясында Гран-при иесін анықтайды;
3 млн. теңге көлеміндегі жүлделік қорына ие болатын қалалық емханалары мен Отбасылық денсаулық орталықтарының арасында «Ең үздік отбасылық дәрігер мен оның тобы» номинациясында бір жеңімпазды анықтайды;
3 млн. теңге көлеміндегі жүлделік қорына ие болатын ауылдық емханалары мен Отбасылық денсаулық орталықтарының арасында «Ең үздік отбасылық дәрігер мен оның тобы» номинациясында бір жеңімпазды анықтайды.
Қалған талапкерлер «Үлгілі отбасылық дәрігер мен оның тобы» номинациясына ие болып, 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай жүлде алатын болады.
Халықтың әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы біліктілігін тексеру арқылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы түсіндірме жүргізу бойынша ең үздік емхана/Отбасылық денсаулық орталығы» номинациясында алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін бір мекеме анықталып, 2,5 млн. теңге көлемінде ақшалай жүлде табысталады.
https://doctor.fms.kz/ сілтемесіне кіріп, дауыс беруіңізге болады. Аймақты таңдап, өз дәрігеріңіздің аты-жөнін тауып, оған дауыс беріңіз. Сонымен қатар, қолданушыға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы біліктілігін тексеру мақсатында, бірнеше сұрақтар қойылады.
Егер қатысушы дауыс берген дәрігеріне тіркелген болса, оның әр бір дұрыс жауабы 3 ұпайға теңеледі. Егер ол дәрігерге тіркелмеген болса- 1 ұпайға ие болады. Егер дауыс беруші бір де бір дұрыс жауап бермесе, оның дауысы қабылданады, алайда, қорытынды санауда таңдаған дәрігеріне ұпайлар қосылмайды.
Дауыс беру 19 желтоқсанға дейін жалғасады.