Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 17 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Кез-келген бастама үшін қолайлы күн. Романтикалық кештерге таптырмас уақыт. Күнделікті күйбең тіршіліктен арылып, өзіңізге демалыс ұйымдастырғаныңыз жөн.
Торпақ
Бұл күні бизнес пен денсаулыққа қатысты ешнәрсе жоспарламағаныңыз жөн. Банк пен мемлекеттік мекемелермен байланысу үшін қолайсыз уақыт.
Егіздер
Түске дейінгі уақыт талантыңызбен танылатын кез. Күннің екінші жартысында келісімшарттарға қол қою секілді жұмыстарды жоспарламағаныңыз жөн.
Шаян
Шығармашылық идеяларды жүзеге асырып, идеяларыңызды дамытуға қолайлы күн. Түстен кейін сауда жасасаңыз табысқа кенелесіз.
Арыстан
Бүгінгі күн сіз үшін отбасыңызбен демалуға қолайлы. Таңертеңгілік жаңа серіктестер табылып, қаржылық мәселелеріңіз шешіледі.
Бикеш
Сыртқы келбетіңіз бен стиліңізді бүгін өзгертпегеніңіз жөн. Жеке өміріңізде жайсыздықтар орын алады.
Таразы
Күтпеген жерден шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Әйелдермен түсініспеушілік туындайды. Өзіңізді физикалық тұрғыдан шамадан тыс шаршатпаңыз.
Сарышаян
Созылмалы ауруыңыз қозып, жарақаттанып қалуыңыз мүмкін. Батыл болыңыз. Мансап сатысында жоғарылауыңыз мүмкін.
Мерген
Сабыр түбі сары алтын. Ашуыңызды ақылға жеңдіріңіз. Ішімдік ішпеңіз және көлік жүргізбеңіз.
Тауешкі
Ескі проблемалар сіздің көңіл-күйіңізді бұзуы мүмкін. Романтикалық кеш ұйымдастыруға қолайлы күн.
Суқұйғыш
Бүгін өзіңізді бір шама жайсыз сезінуіңіз мүмкін. Бүгін алкогольді асыра пайдаланбағаныңыз жөн.
Балықтар
Сіздің әрекетіңіз басқалардың қызғанышын оятып, наразылығын тудыруы мүмкін. Басшылар сізді тым қатты сынға алады.