Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тоқаев куәлігін ұмытып кеткен жүргізушілерді жазаламауға нұсқау берді

Тоқаев куәлігін ұмытып кеткен жүргізушілерді жазаламауға нұсқау берді

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы биылғы жылдың 11 айында 80 мың азамат құжаттарын ұмытып кеткені үшін жазаланғанын атап өтті. Осыған байланысты арнайы нұсқау берді, деп хабарлайды Stan.kz.Қазақстандық жүргізушілер әрдайым өздерімен әртүрлі құжаттарды алып жүреді және олардың біреуі болмаған жағдайда жазаланады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке осы мәселені шешуді тапсырды.
«Барлық жүргізушілер өздерімен бірге жеке куәліктерін, жүргізуші куәлігін, техникалық төлқұжат пен жол жүру парағын және басқа құжаттарды алып жүреді. Адам құжаттарды үйінде ұмытып кеткені үшін де жазаланады», - деді  президент.
Оның айтуынша, осындай фактілер бойынша биылғы жылдың 11 айында 80 мыңға жуық азамат жазаланған.
«Үкімет бұл мәселені жақын арада шешуге және қажет болған жағдайда заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуге міндетті», - деп тапсырды президент.
23 желтоқсан 2019 ж. 257 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области