26 желтоқсан: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1931 жылы Қазақстанның жоғары әскери-оқу орны - Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясы құрылды. Ол Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне, ҰҚК-нің басқа бөлімшелері мен органдарына офицерлер даярлайды.
1991 жылы Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
1995 жылы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары аясында Санкт-Петербургте «Байқоңыр» кешеніндегі келешектегі ынтымақтастық тұжырымдамасына қол қойылды. Тұжырымдама Қазақстан мен Ресей президенттерінің «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастықтың перспективаларын пысықтау туралы уағдаластықтарына сәйкес әзірленді және 2050 жылға дейін есептелінген. Тұжырымдама жалға алу қатынастарын жалғастыру аясында Тараптардың бірлесіп Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының инфрақұрылымын дамыту (жетілдіру), инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, тұрғын үй салу, туризмді дамыту туралы уағдаластығын бекітеді. Бірақ бастысы - бұл ғарыш айлағының қолданыстағы инфрақұрылымының негізінде жаңа бірлескен ғарыштық жобаларды және ең алдымен «Бәйтерек» жобасын іске асыру. 2017 жылы Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасына беларусь баспагері Франциск Скоринаның қолжазба басылымдар жинағы сыйға тартылды. Ағартушының дүние жүзі бойынша жиыны 520-ға жуық басылымы Ұлыбритания, Германия, Дания, Литва, Польша, Словения, Ресей, АҚШ және Украинаның кітапхана, музей мен мұрағаттарында жинақталған.