Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұшақ соғылған үйдің ішінде ешкім болмаған

Ұшақ соғылған үйдің ішінде ешкім болмаған

Kyzylorda-news.kz. Ұшақ салынып жатқан үйге құлады. Ол жерде ешкім болған жоқ. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД басшысының орынбасары Ерлан Әлібеков айтты.Ерлан Әлібековтың айтуынша, апат болған жерде Алматы және Алматы облысының ТЖД, ПД, Ұлттық гвардия, жедел құтқару тобы, апаттар медицина орталығының қызметкерлері жұмылдырылды. Барлығы 776 адам мен 119 техника жұмыс істеді. Сондай-ақ, Алматы қаласының 35 жедел жәрдем көлігі тартылды.
Оқиға орнына жедел құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.
«Ұшақтағы 88 адамға көмек көрсетілді. Оларды ұшақтан шығардық. Қазіргі уақытта ауруханада 42 адам жатыр, оның 8 бала. Тағыда айта кететін жәйт, ешқандай жарылыс болған жоқ. Егер ұшақ жарылған болса, онда адамдарды аман алып қалу мүмкін болмас еді. Бұл жаңадан салынып жатқан үй болатын. Абырой болғанда оның ішінде ешкім болған жоқ»,- деді Алматы қалалық ТЖД басшысының орынбасары Ерлан Әлібеков.
27 желтоқсан 2019 ж. 295 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области