Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 6 қаңтарда арналған ауа райы болжамы

6 қаңтарда арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. 6 қаңтарда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Казгидромет. Елдің кей бөлігінде жауын-шашын болып, республиканың солтүстігінде қар жауып, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі болжанады.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с жетеді.
Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
06 қаңтар 2020 ж. 229 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области