Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қаңтарда көпбалалы отбасыларға 17 миллиард теңгеден астам қаражат төленеді

Қаңтарда көпбалалы отбасыларға 17 миллиард теңгеден астам қаражат төленеді

Kyzylorda-news.kz. Төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 2020 жылғы қаңтарда 17,7 млрд теңге бағытталады, деп хабарлайды «Хабар 24». Зейнетақы мен жәрдемақыларды қаржыландыруды екінші деңгейдегі банктерде біркелкі бөлу үшін ақша қаражатын аудару кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
2020 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға 12,5 млрд теңге. 5-8 қаңтар аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ кестеге сәйкес ақшаны алушылардың шоттарына аударады.
Қалған 5,2 млрд теңге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға таяу күндері жіберіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.
Аталған мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде: 4 балаға – 42496 теңге; 5 балаға – 53127 теңге; 6 балаға – 63757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74388 теңге төленеді.
Жалпы алғанда, 2020 жылы көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 177,6 млрд теңге жұмсау көзделген. Бұл жәрдемақыны 346,8 мың отбасы алады.
06 қаңтар 2020 ж. 251 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области