Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 7 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін көпшілік жиналатын ортаға шығыңыз. Онда жаңа таныстықтар орын алуы мүмкін. Егер басыңыз бос болса, бүгін екінші жартыңызды табасыз. Бірақ бұл қарым-қатынасқа немқұрайлылық танытпаңыз.

Торпақ
Бүгін үй шаруасы немесе жаңа баспана мәселесін оңтайлы шешесіз. Қазіргі сәт баспанаңызды сатуға немесе жаңасына ауыстыруға қолайлы уақыт. Кейбіреуіңіз туыстарыңыздан қаржылай көмек аласыз.

Егіздер
Таныстарыңыздың арқасында біраз шаруаңызды шеше аласыз. Өзіңіздің шаршағаныңызды сезсеңіз, демалысқа шығып, саяхатқа аттаныңыз. Бұл саяхаттан жаңа таныстар тауып, жеке өміріңізге өзгеріс енгізесіз.

Шаян
Еңбексүйгіштік табысты болуға бір табан жақындатады. Бүгін тер төгіп жұмыс жасау өз жемісін береді. Сонымен қатар бүгін үйге және отбасы мүшелеріне жаңа заттар алып, оларды қуантыңыз.

Арыстан
Белсенділік танытатын күн. Уәделескендей, достармен басқосуға барыңыз. Не болмаса жұмыс барысымен әріптестермен, серіктестермен кездесуге барасыз. Шығармашылықпен айналысатын жандар қаржы мәселесінде қиналмайды.

Бикеш
Өзіңізді жөнге салып, әлеуметтік жағдайыңызды жақсартуға, қаржы мәселесін шешуге қолайлы күн. Саудамен айналысатын жандар және білім саласының мамандары ақшадан еш қысылмайды.

Таразы
Бүгін сәттілік серігіңізге айналады. Тым белсенді болып, өзгелердің назарын тек өзіңізге ауғанын байқайсыз. Қаржы мәселесі оң шешімін табады. Бірақ оны жұмсауда абайлаңыз. Ойланбай сауда жасамаңыз.

Сарышаян
Жұмыс барысында өзгелердің көмегіне жүгінетін боласыз. Шығармашылықпен айналысатын жандардың бүгін жолы болады. Жұмысқа қатысты іссапарға шығасыз. Бірақ бұл сапар сіз үшін саяхатпен пара-пар болмақ.

Мерген
Біраз шаруаларыңызды тапқырлығыңыздың, ішкі түйсіктің арқасында бітіре аласыз. Сонымен қатар достық қарым-қатынас орнатуға қолайлы күн. Егер тез шешім қабылдаудан аулақ болсаңыз, сәттілік сіздің серігіңіз болады.

Тауешкі
Қосымша табыс табасыз. Оған достарыңыз, сондай-ақ өзіңіздің ішкі түйсігіңіз көмектеседі. Кез келген тапсырманы орындай аласыз. Сонымен қатар жұмыс ауыстыруға қолайлы күн.

Суқұйғыш
Күнделікті тірліктен шаршадыңыз. Сондықтан бүгінгі күнді қызықты өткізгіңіз келеді. Бірақ қаржы мәселесі аздап тығырыққа тірейді. Үнемдеп жүрсеңіз де, ақшаңыздың көп бөлігі қажетсіз дүниелерге жұмсалатын болады.

Балықтар
Бүгін қызықты кездесулер орын алады. Бұл кездесулер сіздің өмірге деген көзқарасыңызды өзгертеді. Сонымен қатар ескі құпия оқиғаларды ұмытуға септігін тигізетін болады.

Аударған Динара МАХАНОВА
07 қаңтар 2020 ж. 408 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области