Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қытайдан төнген қауіп: Қазақстандықтарға ескерту жасалды

Қытайдан төнген қауіп: Қазақстандықтарға ескерту жасалды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтарға Қытайға барған кезде шығу тегі белгісіз індеттің шығуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы ескертілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Бұл туралы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады. Ол желтоқсан айының соңынан бастап Хубэй провинциясының Ухань қаласында (Қытай) ресми түрде халықтың этиологиясы анықталмаған пневмониямен ауыруының 44 жағдайы тіркелгенін атап өтті.
"Инфекция қоздырғышы осы уақытқа дейін анықталмаған. Көптеген жағдай қалалық жаңа теңіз өнімдері базарымен байланысты, онда құстың әр түрі, қоян, жылан және басқа да бауырымен жорғалаушылар сатылды. Осыған байланысты осы елге сапарды жоспарлау кезінде Қытайда шыққан белгісіз пневмониямен ауыру жағдайлары туралы ақпаратты назарға алуды сұраймыз", - дейді Ержан Байтанаев.  
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласынан Бейжің, Санья және Үрімші қалаларына, Алматыдан Бейжің, Санья, Хайкоу, Сиань және Үрімші қалаларына тікелей әуе рейстері жүріп жатыр.
ҚХР-ға баратын тұлғаларға комитетте респираторлық инфекциялардың алдын алудың негізгі шараларын сақтауды ұсынды:
* Жіті респираторлық жұқпалар белгілері бар адамдармен байланысудан сақтану.
* Жиі қолды жуу, әсіресе науқас адамдармен немесе олардың ортасымен тікелей байланысқаннан кейін
* Фермалардағы жануарлармен немесе жабайы жануарлармен жанасудан аулақ болу.
* Жедел респираторлық инфекция симптомдары пайда болған кезде медициналық көмекке жүгініңіз.
06 қаңтар 2020 ж. 204 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области