Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МРТ мен КТ тегін өтудің шарттары қандай?

МРТ мен КТ тегін өтудің шарттары қандай?

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдан бастап бағасы жоғары болып табылатын компьютерлік және магнитті-резонанстық томографиядан қазақстандықтар тегін өте алады. Бұл үшін қандай шарттар қажет екендігін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов айтып берді.
«2020 жылдан бастап қымбат КТ және МРТ қызметтерінің қолжетімділігі артады. Қарағандыда ұйымдастырылған пилоттық жоба жеке сектордың бұл қызметке көңілі бар екендігін көрсетті. Өткен жылдың соңына таман бұл қызметтің тарифы 60 пайызға көтерілген еді. Бірақ бүгінгі күннің өзінде нарықтық бағамен салыстырғанда ол әлдеқайда төмен. Сол себепті жекеменшік емханалар аталған бағытқа қызығушылықтарын танытуды. Сол себепті Қазақстанның басқа да аймақтарында медициналық мекеме ашу жоспарланды», - деп мәлімдеді Айбатыр Жұмағұлов.
Оның сөзінше, қазіргі таңда қызметтерді үйлестіру мәселесі талқылануда. Мұның барлығы бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар арқылы іске асырылады.
«Отбасылық дәрігер науқастың қандай ауруға душар болғанын анықтап, оған дұрыс диагноз қоюы маңызды. Дәрігерді таңдауда науқастың өзі шешім қабылдайды. Ем қабылдайтын мекемені немесе емдейтін маманды таңдағанда ол араларындағы қашықтықты ескермесе де болады. Отбасылық дәрігер науқасты медициналық жүйеге кіретін кез келген маманға нұсқау бере алады. Қазіргі күні бұл үдеріс қолға алынды», - деді Айбатыр Жұмағұлов.
08 қаңтар 2020 ж. 258 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области