Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 10 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Қарбалас күн. Басты міндетіңіз жетістікке жетудің жолын табу. Басқа шаруаларға көңіл аударудың қажеті жоқ. Айналаңыздағы жандардың сөзіне емес, өз ішкі түйсігіңізге сеніңіз.
Торпақ
Барлығы асығыс, тек сіз ғана ешқайда асықпайсыз. Әрбір қадамыңызды ойланып басасыз. Себебі сәт сайын түрлі идеялары келіп, оны жүзеге асыруға тырысасыз. Ескі таныстарыңызды жолықтырасыз.
Егіздер
Күніңізді ішпыстырарлықтай етіп өткізуден сақтаныңыз. Көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Қызықты ұсыныстарды өзгелерден күтіп отырғаннан гөрі, өзіңіз ұсыныс тастаңыз. Серуенге шығыңыз, қыдырыңыз.
Шаян
Көптен бері ойға алған шаруаны бітіретін кез келді. Бастапқыда барлығы қиындық туғызуы мүмкін. Бірақ табандылық танытар болсаңыз, барлық жұмысты аяқтауға мүмкіндік бар.
Арыстан
Қаражат мәселесі толғандырып жүр. Десе де, бүгін ақша көп жұмсайсыз. Шамадан тыс десек те болады. Егер барлық алынатын заттарды ақылдасар болсаңыз, саудаңыз сәтті болады.
Бикеш
Айналаңыздағы жандармен келіспейсіз. Кейде бұл әрекетіңіз дұрыс болғанымен, достарыңыздың кеңесіне құлақ түріңіз. Сондай-ақ бүгін шығармашылық жоспарлар туралы ақылдасуға қолайлы күн.
Таразы
Егер жаңа таныстықтарды қаласаңыз үйде отырмаңыз. Қызықты кездесулерге барасыз. Айналаңыздағы адамдардың ойы сізбен сәйкес келетіні қуантады. Ұқыпты болыңыз.
Мерген
Сәтті күн. Қарсыластарыңыз өте қу болғанымен, сіз олардың алдын орап аласыз. Жаңа таныстықтар орын алып, сіз бұл кеште көпшіліктің назарына ілігесіз. Алайда сақ болыңыз.
Тауешкі
Маңызды сауалдарға жауап табатын, пайдалы іспен айналысатын күн. Өзгелердің ағара алмағанын, тіпті ұсақ-түйекті де байқай аласыз. Сондықтан да көбісі сізден ақыл сұрауға асығады.
Суқұйғыш
Күшіңізді өзгелермен біріктіретін күн. Егер мәселе туындаса оны жалғыз шешуге тырыспаңыз. Қиындықты бірге жеңу оңайырақ болатынын естен шығармаңыз. Кешке көңіл-күйіңіз түсуі мүмкін, бірақ жақындарыңыз сізге көмектесетін болады.
Балықтар
Жаңа бастамаларды қолға алатын күн. Өз тапсырмаларыңызды да орындап, өзгелерге де көмектесе аласыз. Сонымен қатар кейін өзіңізге жақын тұтатын жанмен танысатын боласыз.
Аударған Динара МАХАНОВА