Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада прокурорлар игерілмеген 1074 жер учаскесін анықтады

Қызылордада прокурорлар игерілмеген 1074 жер учаскесін анықтады

Kyzylorda-news.kz. Оның 400-і кәсіпкерлік, қалғаны ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылуы тиіс болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Атқарылған шаралардың нәтижесінде 17 мың гектарды құрайтын 84 жер телімі мемлекетке қайтарылып, 638 жер учаскесі игеріле бастады. Сондай-ақ облыс прокурорлары игерілмеген жерлерді мемлекетке қайтару, салық төлеу, жер пайдаланушыға табыстау сияқты шаралар барысында жергілікті атқарушы органдар тарапынан бірқатар заңбұзушылықтарға жол берілгендігін де анықтаған.
«Аталған мәселелер Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы жиналыста қаралып, жер саласындағы жүйелі заңсыздықтарды болдырмаудың іс-шаралар жоспары бекітілді. Тексерістің нәтижесімен 20 лауазымды тұлғаның тәртіптік жауаптылықтары қаралды. Берілген нұсқамалардың орындалуы 2020 жылы қайта тексеріледі», - дейді облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры Қырмызы Сыздықова.
10 қаңтар 2020 ж. 218 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области