Қызылордада «Birgemiz» еріктілер корпусы» жобасы басталды
Kyzylorda-news.kz. Қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Сабыржан Кеңшілік өткен жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Сабыржан Кеңшіліктің айтуынша Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, «Ұлттық волонтерлік желі» республикалық қауымдастығымен бірлесе отырып республика көлемінде жүзеге асырылып келген «Жеңіс» жобасын орталық жанын құрылған арнайы еріктілер тобымен жүзеге асырылатын болады. Бұл жоба соғыс, тыл және еңбек ардагерлеріне көмек көрсету айына бір реттік сұраныстарына сәйкес дәрі-дәрмекпен, азық түлікпен қамтамасыз етуге мүкіндік береді.
Сонымен қатар жоба аясында жалғыз басты қарттарға көмек көрсету қарастырылған. Бұдан бөлек жастар расындағы ұлтажандылықты насихаттау, жастарды әскерге шақыру мақстаында арнайы кездесулер мен кешенді шаралар жүзеге асырылатын болады.
«Биыл «Birgemiz» еріктілер корпусы» арнайы жобасы Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты барлық елді-мекендерді қамтып, 1000 жасты тікелей және 10 000 жасқа жанама әсерін тигізбек. Бұдан бөлек, Орталықтың жылдық жоспары жастардың негізгі мәселелері мен сұраныстарын анықтау мақсатында әзірленген әлеуметтік сауалнама негізінде бекітіледі», - дейді орталық директоры.
Мемлекеттік маңызы бар атаулы мерекелер - Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Конституцияның 25 жылдық мерейтойлар жастардың назарынан тыс қалмайды.
Орталық қала көлемінде жұмыссыз немесе ешбір оқу орнында тіркелмеген жастармен жұмысты күшейтуді негізігі бағыттарының бірі етпек.