Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда «Көкарал» балық консервілеу цехы іске қосылды

Аралда «Көкарал» балық консервілеу цехы іске қосылды

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Ақбасты елді мекеніндегі сапары барысында жаңадан іске қосылған «Көкарал» балық консервілеу цехының жұмысымен танысты.Халыққа сапалы балық консервілерін ұсынуды мақсат етіп, шалғай ауылдан осындай тың бастама көтерген кәсіп иесіне аудан басшысы ризашылығын білдіріп, табыс тіледі.
Ауыл азаматы Ернар Құлжанов өз бастамасын жүзеге асыру бағытында 600 мың теңге қайтарымсыз несиеге қол жеткізген болатын. Бүгінде толықтай іске қосылған цехтан күніне 40 дана консерві шығарылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, қосымша екі адам жұмыспен қамтылатын болады.
Атап өту қажет, бүгінде аудан бойынша балық өнімдерінің 13 түрі шығарылып, жылдық қуаты 20 мың тоннаға жуық 8 балық өңдеу зауыты тұрақты жұмыс істеп тұр.

16 қаңтар 2020 ж. 267 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области