Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖОБА АЯСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ЖОБА АЯСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ


    «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы «Жуантөбе» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасы аясында елді-мекенде кәсіпкерлікті дамыту, мал шаруашылығын ұлғайту мақсатында Бестам ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
    Жиынға «Жуантөбе» бастауыш партия ұйымының төрағасы А.Есім, Бестам партиялық тобының жетекшісі Ғ.Ыханов, ауыл тұрғындары, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалық төрағалары қатысты.
    Аталған мәселе аясында елді-мекенде атқарылған жұмыстар аталып өтілді.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағадарламасының» ІІ бағыты «Бизнес бастау» жобасы бойынша 2 азамат оқып сертификат алып, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2 адам 6 млн 500 мың теңге несиеге қол жеткізген. Ауыл тұрғындары Перизат  Амангелді 5 млн теңге несие алып, мал шаруашылығымен, Нұрділда Мәмбетов 1 млн 500 мың теңге несие алып ара балын өндірумен айналысып, жерлестерін жұмыспен қамтып отыр.

12 қаңтар 2018 ж. 997 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области