Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Абай тойы ресми түрде басталды (ФОТО)

Абай тойы ресми түрде басталды (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Астана Опера» театрында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды. Ресми шараға ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Салтанатты шара барысында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бірінші болып сөз сөйледі.
«Ұлы Абай шығармашылығының өзегінде елдің қамы, қуанышы мен қайғысы, келешегі, арман-мұраты тұр. Жаңа қоғам мен жаңа адамды қалыптастыру идеясы да Абайдан басталады. Ол елдің үнемі алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болып, халқымызды жаңа өмірге бейім болуға шақырды. Хәкім Абайдың тіл үйренуді және жаңа кәсіп игеруді ерекше дәріптегенін жақсы білеміз», - деді Райымқұлова.
Министр Абайдың халықты еңбекке баулуға деген ынтасын ерекше атап өтіп, елдің дамуын тежейтін теріс әдеттерге қатысты сөзіне де тоқталды.
«Әсіресе, мақтан мен масылдық психологиядан арылып, адамды еңбек етуге үндеді. Ұлы ойшылдың ғибратты сөздері тәуелсіз Қазақстанның жаңа серпінмен дамуы үшін қажет. Сондықтан бұл мерейтойдың танымдық және тағылымдық мән-маңызы өте зор», - деп атап көрсетті Райымқұлова.
Осыдан кейін жүргізушілер музыкалық кештің басталатынын жариялады. Театр сахнасында ұлы Абайдың өлеңдері мен әндері орындалды. Қазақстанның танымал әртістері – Роза Рымбаева, Әлібек Дінішев, Майра Мұхамедқызы, Тамара Асар және тағы басқа әншілер өз өнерін паш етті.


21 қаңтар 2020 ж. 302 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области